Ұңғымаларды күрделі жөндеу

Мұнай және газ ұңғымаларын ұзақ уақыт пайдалану барысында оларды жөндеу қажеттігі туындайды. Күрделі жөндеу дегеніміз – жабдықтарды жаппай ауыстыру, елеулі ақауларды жою, оқпанды тереңдету немесе кеңейту, сондай-ақ қайта бұрғылау жұмыстары.

Kazpetrodrilling АҚ компанияларында күрделі жөндеудің кез келген түрін жүзеге асыру үшін қажетті заттардың барлығы бар:

  1. Көтергіш агрегаттардың ірі паркі — Kremco-80, УПА-60, ПАП-50, TXJ100, ZJ20 сияқты 51 көтергіш агрегат;
  2. Күрделі жөндеу жұмыстары 5000 метр тереңдікке дейін жүргізілуі мүмкін;
  3. Ұңғымаларды жөндеуге байланысты біліктілікті арттыру және жаңа технологияларды үйрену мақсатында оқып дайындалатын қызметкерлер;
  4. Елеулі тәжірибе: компаниялардың бірі – «ҚазТехМұнайСервис» ЖШС-нің (сілтеме) тарихы 1953 жылдан басталады. Дәл сол жылы «ЕмбіМұнай» ӨБ жанындағы бөлімшелердің бірінде аталмыш өндірістік бірлестік нысандарының ұңғымаларына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын.

«KazPetroDrilling» АҚ атқара алатын ұңғымаларды күрделі жөндеу жұмыстарының түрлері:

  • Жөндеу-оқшаулау жұмыстары;
  • Жер қабатының жекелеген су басқан аумақтарын ажырату;
  • Жекелеген қабаттарды ажырату;
  • Цемент сақинасының тығыздығын қалпына келтіру;
  • Пайдаланатын және аралық колоннаның сыртындағы цемент сақинаны қалыңдату;
  • Пайдаланатын колоннаның тығыздығын қалпына келтіру;
  • Ерітіндімен тығындау арқылы тығыздап жабу;
  • Кептеме бекіту арқылы тығыздап жабу;
  • Диаметрі кішірек қосымша шегендеу колоннасын түсіру арқылы тығыздап жабу;
  • Пайдалану немесе жөндеу барысында орын алған апаттарды жою;
  • Пайдалану барысында орын алған апаттан кейінгі жабдықтарды ұңғымадан шығару;
  • Пайдалану колоннасында болған апаттарды жою;
  • Ұңғыма кенжары мен оқпанын металл заттардан тазалау;
  • Ұңғымаларды пайдалану кезінде орын алған апаттарды жою мақсатында атқарылатын басқа жұмыстар;
  • Ұңғымаларды жөндеу барысында орын алған апаттарды жою;
  • Басқа деңгейжиектерге көшу және қабаттарды қосу;
  • Басқа деңгейжиектерге көшу;
  • Қабаттарды қосу;
  • ББП (бір мезгілде бөлек пайдалану), ББА (бір мезгілде бөлек айдау), айырғыш пакерлер сияқты қондырғыларды орнату және жөндеу;
  • Бұрғылаумен байланысты жер асты жұмыстарының кешені;
  • Жаңа оқпандарды бұрғылау;
  • Цементті стаканды бұрғылау;
  • Тау жынысындағы оқпанды тереңдете отырып, колонна тоспасын жонғылау;
  • Шурфтар мен артезиан ұңғымаларын бұрғылау және жабдықтау.
Scroll to Top
Scroll to Top