Мұнай өндіруді қарқындандыру

  • Қабаттарды гидравликалық жару (ҚГЖ)
  • Көп сатылы ҚГЖ
  • Іріктемелі ҚГЖ
  • Қышқылмен өңдеу

Қабатты гидравликалық жару – жерасты қабаттарын жару арқылы өткізгіштігі жоғары өзектер жасай отырып, жер қойнауынан шығатын мұнай ағынын молайтудың тиімді тәсілі.
Өткізгіштігі жоғары өзектер жер астына жоғары қысыммен жіберілетін сұйықтар мен сыналаушы проппант қоспасының көмегі арқылы жасалады. Аталмыш қоспа өзектің қайтадан бітеліп қалуына жол бермейді. Мұндай өзектер жерасты қабаты мен ұңғыма оқпанының арасындағы байланысты арттырады. Соның арқасында мұнай ағынының қарқыны еселеп артады.

Көп сатылы ҚГЖ ең озық технологиялардың бірі. Мұндайда жер қойнауындағы жыныстардың механикасы зерттеле отырып гидравликалық жару жұмыстары бірнеше рет жүргізіледі. Бұл операция бір ғана ұңғымамен жер қабатын қамту аймағын бірнеше есеге арттыруға мүмкіндік береді.

Тік және көлденең ұңғымалардағы көп сатылы ҚГЖ жұмыстарын «KazPetroDrilling» АҚ тобына кіретін «МұнайФилдСервис» ЖШС жүргізеді. Білікті инженерлер ұңғымалардың ерекшеліктеріне сәйкес оңтайлы тиімділікті қамтамасыз ете отырып, әрбір кезеңді жеке-жеке пысықтайды. Дизайнды үлгілеу заманауи FRACPRO бағдарламалық жабдықтамасы арқылы атқарылады. Жұмыс процесінің тиімді болуына инженерлердің тәжірибесі де өз ықпалын тигізеді. Өндіріс барысында туындайтын мәселелер бірден талқыға салынып, шұғыл түрде шешіліп отырады.

Біздің артықшылықтарымыз

  1. Мұнай айдауға арналған материалдарды таңдау ісіне жеке тұрғыдан келу және үнемі жетілдіріп отыру
  2. Жұмысты толығымен аяқтау
  3. Заманауи ҚГЖ флоты мен қосалқы техникалық паркінің болуы
  4. Chandler Engineering құрал-жабдықтарымен жабдықталған, аккредиттелген ықшамды әрі стационарлық зертханалар
  5. Инженерлік құрамның біліктілігі
  6. Құрал-жабдықтарды күтіп-жөндеуге арналған меншікті өндірістік базаның болуы
  7. Сертификатталған сапа менеджменті жүйесі

Біздің табыстарымыздың мысалы:

Өзен кен орнындағы өнімділік коэффициентінің орташа өсімі 100%-дан асты, ұңғымалардың біріндегі өсім 176%-ға жетті.

Scroll to Top
Scroll to Top