Компания туралы

«KazPetroDrilling» АҚ 1965 жылдан бастап мұнай сервисі қызметтерін ұсынатын Қазақстан Республикасындағы аса ірі тәуелсіз бұрғылау компаниясы болып табылады.

«KazPetroDrilling» АҚ бұрғылау, ұңғымаларды жөндеу және жабу, қабатты гидравликалық жару және ұңғымаларды цементтеу саласында кең ауқымды қызметтерді көрсетуге маманданады.

Содержание

Компаниялар тобы

Басшылық

Рахмет Хайруллаев

Рахмет Хайруллаев

«KazPetroDrilling» АҚ президенті

Алдыңғы жұмыс тәжірибесі:

2007 жылдан бастап «MHINDUSTRY» ЖШС бас директоры, «КАЗПЕТРОДРИЛЛИНГ» АҚ президенті лауазымдарында, «КАЗПЕТРОДРИЛЛИНГ» АҚ Директорлар кеңесінің құрамында холдингті басқарады.

Білімі:
Новосібір мемлекеттік университеті;

Қазақстанның менеджмент, экономика және болжамдау институты, ҚМЭБИ, Алматы;

Халықаралық бизнес академиясы, MBA;

Maastricht School of Management, MBA.

Гайдар Адамсопиев

Гайдар Адамсопиев

«KazPetroDrilling» АҚ бірінші вице-президенті

Алдыңғы жұмыс тәжірибесі:

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-да директордың бухгалтерлік есеп жөніндегі орынбасары

Білімі:
Халықаралық Бизнес академиясының жанындағы Алматы Менеджмент мектебі;
Алматы Энергетика және Байланыс институты;

Эдуард Рахимов

Эдуард Рахимов

«MHINDUSTRY» ЖШС Бас директоры

Алдыңғы жұмыс тәжірибесі:

«ҚМГ-Бұрғылау» ЖШС Бас директоры

Білімі:
Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясы (MBA).

Ербол Айтуов

Айтуов Ербол

«Қазбұринвест» ЖШС Бас директоры

Алдыңғы жұмыс тәжірибесі: 

Каскормашзавод АҚ Басқарма төрағасы

Білімі: 
Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

Алматы Экономика және Статистика Институты

«KazPetroDrilling» АҚ тарихы

Компания 2010 жылдың 20 қыркүйегінде жауапкершілігі шектеулі серіктестік ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға ретінде тіркелді. 2012 жылдың 6 сәуірінде Компания ұйымдық-құқықтық нысанын акционерлік қоғамға өзгертті. Компанияның акционерлік қоғам болып қайта құрылуына байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитеті Компанияның Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Алматы қаласы Әділет департаментінің Алмалы ауданы Әділет басқармасында 2012 жылғы 20 сәуірде 351-1910-02-АҚ нөмірімен тіркелген жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуден өткізді.

Қоғамның негізгі қызметі мыналар болып табылады:

  • мұнай операцияларын жүргізу кезінде сервистік қызметтер көрсету
  • еншілес ұйымдарының операциялық, қаржылық және инвестициялық қызметін бақылау.
2014
Аңсаған

Аңсаған құрылымында жобалық тереңдігі 5950 метрлік барлау ұңғымаларын бұрғылау.

2015
Ең терең ұңғыма
  • «Өріктау-Оперейтинг» ЖШС-нің тереңдігі 4658 метрлік ең терең ұңғымасы бұрғыланды.
  • Жүк көтергіштігі 590 тонналық, бұрғылау тереңдігі 7000 м дейінгі SL-2500 бұрғылау қондырғысы салынды.
2016
Рожковское және Чинаревское кен орындары

Рожковское және Чинаревское кен орындарында жобалық тереңдігі 5000 метрден асатын ұңғымаларды бұрғылау. 

2017
Активтерді кеңейту
  • «ҚАЗБҰРИНВЕСТ» ЖШС-дегі 100% қатысу үлесін сатып алу арқылы Топ активтерін кеңейту.
  • «Жігермұнайсервис» ЖШС негізінде жаңғыртылған металл конструкциялар цехының ашылуы.
  • «Каскор-Машзавод» АҚ еншілес компаниясы «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын» болып танылып, «Алтын сапа» сыйлығына ие болды.
  • Ұңғымалар қабатын гидравликалық жаруды (ҚГЖ) жүргізу үшін флот сатып алу, бұл Топ ұсынатын қызметтердің аясын кеңейтуге мүмкіндік берді.
  • «Мұнайфилдсервис» ЖШС, «Трубремцентр» ЖШС және «Қазтехмұнайсервис» ЖШС еншілес компаниялары ISO 9001:2015 сапа менеджменті жүйесі, 14001:2015 экологиялық менеджмент, OHSAS 18001:2007 кәсіби қауіпсіздік және денсаулық менеджменті сертификаттарына сәтті қол жеткізді.
  • «Жігермұнайсервис» ЖШС еншілес компаниясы API Spec Q1, ISO 9001:2015 талаптары бойынша мұнай-газ саласының өндіруші ұйымдарының сапа менеджменті жүйесін қайта сертификаттаудан, 14001:2015 экологиялық менеджмент жүйесі және OHSAS 18001:2007 кәсіби қауіпсіздік және денсаулық менеджменті жүйесі бойынша сертификаттаудан сәтті өтті.
  • Бұрғылау қондырғыларын жаңғырту, CMMS (Computerized Maintenance Management System, бұрғылау жабдығына техникалық қызмет көрсетуді басқарудың компьютерлендірілген жүйесі) енгізу
  • «ҚМГ-Бұрғылау» ЖШС компаниясын қайта ұйымдастыру арқылы «МҰНАЙ КӨЛІК» ЖШС меншікті көлік компаниясын құру
2018
Бұрғылау жылдамдығының рекорды
  • «Каскор-Машзавод» АҚ еншілес компаниясы API Spec. Q1, ISO 9001:2015 бойынша сапа менеджменті жүйесінің сертификатын алды.
  •  «Жігермұнайсервис» ЖШС еншілес компаниясы шығарған қашаумен Қарашығанақ кен орнында бұрғылау жылдамдығының рекорды жасалды.
  • Бұрғылау ЖШС-нің бір бұрғылау қондырғысы жаңартылды.
2019
Паркер Петро Дриллинг
  • «Өріктау-Оперейтинг» ЖШС-нің тереңдігі 5000 метрлік ең терең ұңғымасы бұрғыланды.
  • North Caspian Operating Company (NCOC) үшін сыйымдылықтарды шығару жобасы аяқталды – 4 айда 121 сыйымдылық жасап шығарылды (күніне бір сыйымдылықтан)
  • «MHINDUSTRY» ЖШС ISO 9001:2015 бойынша сапа менеджменті жүйесінің сертификатын алды
  • Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысына сапары барысында «Жігермұнайсервис» ЖШС еншілес компаниясында болды
  • Parker Drilling әлемдегі ең ірі мұнай сервисі компаниясымен «Паркер Петро Дриллинг» ЖШС бірлескен кәсіпорнын құру («KazPetroDrilling» АҚ-на 50% қатысу үлесі)
  • Бұрғылау ЖШС-нің екі бұрғылау қондырғысы жаңартылды.
2020
BAKER HUGHES ZMS
  • «Гран» кен орнында «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ компаниялар тобының тарихындағы ең ұзын көлденең бөлігі бар ұңғыманың құрылысы сәтті аяқталды.
  • Baker Hughes компаниясымен «BAKER HUGHES ZMS (БЕЙКЕР ХЬЮЗ ЖМС)» ЖШС бірлескен кәсіпорнының құрылуы («KazPetroDrilling» АҚ-на қатысу үлесінің 50,1%-ы).
  • «Каскор-Машзавод» АҚ еншілес компаниясы негізінде СКҚ өндіру желісін жаңғырту.
  • «МҰНАЙ КӨЛІК» ЖШС еншілес компаниясы үшін арнайы техниканың қосымша бірліктерін сатып алу
  • Бұрғылау ЖШС-нің бес бұрғылау қондырғысы жаңартылды.
  • «Жігермұнайсервис» ЖШС негізінде жүк көтергіштігі 400 т және бұрғылау тереңдігі 5000м дейінгі Parker бұрғылау қондырғысының құрылысы аяқталды.

Миссиясы мен Құндылықтары

KazPetroDrilling миссиясы Компания қызметінің мәнін айқындап, оның Қазақстан Республикасы экономикасындағы маңызды рөлін көрсетеді.

Біз кімбіз?

  • KazPetroDrilling – әрбір Клиентін маңызды деп санайтын Компания;
  • KazPetroDrilling – жұмысын жақсарту үшін жетіле түсуге ұмтылатын Компания;
  • Өз қызметкерлерін бағалайтын және оларға лайықты материалдық молшылық пен қоғамдағы орынды қамтамасыз ететін компания;
  • Жұмысын мақтан тұтып, болашағына сенімді болуға болатын компания;
  • Өзінің әрбір шешімін ұғынып, таразылайтын және сенім білдіруге болатын Компания; Корпоративтік басқарудың жоғары стандарттарын ұстанатын Компания;
  • Біз кәсіби ұмтылыстар мен армандарды жүзеге асыруға көмектесе отырып, өмірді жақсартамыз.

Клиенттеріміздің қажеттіліктері, олардың үміттері мен мақсаттары – біздің Компания ретіндегі бүкіл қызметіміздің мызғымас негізі.

Кез келген ықыласты Компания сияқты, біз өз алдымызға мұнай сервисі қызметтерін көрсететін үздік Компаниялардың бірі мәртебесін қалыптастыру және нығайту қадамдарын жасауға мүмкіндік беретін мақсаттарды қоямыз. Біздің командада жұмыс істейтін әрбір адам біз үшін өлшеусіз маңызды, өйткені біздің Қызметкерлеріміздің жеке және кәсіби мақсаттарын жүзеге асырмайынша, біздің мақсаттарымызды жүзеге асыру мүмкін емес. Біздің командамыз – кәсіби мамандар ғана емес, құндылықтардың ортақ жүйесі біріктірген пікірлес жандар.

Біз парасаттылықты, жаңалық атаулыға ашықтықты және ізгі ниеттілікті, бастамашылдықты, кәсібилікті, жауапкершілік пен сенімді, дәстүрлерді құрметтеуді және кемелдікке ұмтылуды бағалаймыз. Бұл тізбе бізбен бірге болғысы келетіндердің барлығына қолданылатын қарапайым ережелер жинағы болып табылады, өйткені KazPetroDrilling табыстылығы – әрбір қызметкердің табыстылығы. Осы ережелерді ұғыну және орындау – дамудың түбегейлі жаңа сапалық деңгейіне жету жолындағы тағы бір қадам.

Негізгі клиенттері

Scroll to Top