Инвесторларға
Корпоративтік құжаттар
Корпоративтік басқару құрылымы
Тиімді корпоративтік басқару үлгісінің негізгі элементтері:
- Меншіктің ашық құрылымы;
- Акционерлердің құқықтарын қамтамасыз ету;
- Тиімді және тәуелсіз ДК;
- КБ айқын саясаты мен рәсімі;
- Ақпараттың ашықтығы және оны ашу қағидаттары;
- Этикалық құндылықтар, корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік;
- Тәуелсіз және тиімді сыртқы аудит;
- Ішкі аудиттің тәуелсіз және объективті функциясы;
- Тәуекелдерді тиімді басқару;
- Сенімді ішкі бақылау жүйесі.
К 1 – Директорлар кеңесінің аудит жөніндегі комитеті
К 2 – Директорлар кеңесінің стратегиялық жоспарлау жөніндегі комитеті
К 3 – Директорлар кеңесінің кадр, сыйақы, әлеуметтік мәселелер, ішкі жанжалдар және этика жөніндегі комитеті
КХ – корпоративтік хатшы
Компанияның негізгі құрылтай құжаты – 2014 жылғы 20 қарашада «KazPetroDrilling» АҚ қатысушылары бас қосқан жалпы жиналыстың шешімімен бекітілген жарғы.
2017 жылғы 13 сәуірде Компания Жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.
Корпоративтік басқару кодексі – Компанияның операциялық және қаржылық қызметін тиімді басқаруға, акционерлер мен лауазымды тұлғалардың өзара қарым-қатынасын жақсарту үшін қолайлы орта қалыптастыруға және инвесторларды тартуға бағытталған маңызды құжаттардың бірі.
Компанияның корпоративтік басқарудағы негіз қалаушы қағидаттары мыналар болып табылады:
- Акционерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау қағидаты;
- Директорлар кеңесі мен Басқарманың Қоғамды тиімді басқару қағидаты;
- Қоғамның қызметі туралы ақпаратты ұғымды әрі нақты ашып көрсету қағидаттары;
- Заңдылық және этика қағидаттары;
- Тиімді дивидендтік саясат қағидаты;
- Тиімді кадрлық және әлеуметтік саясат қағидаты;
- Еңбекті және қоршаған ортаны қорғаудың басымдығы қағидаты;
- Корпоративтік келіспеушіліктер мен мүдделер қайшылығын реттеу саясаты;
- Жауапкершілік қағидаты;