Мұнай мен газға арналған пайдалану және барлау ұңғымаларының құрылысы

Бұрғылау

  • Тік ұңғымаларды
  • Көлбеу бағытталған ұңғымаларды
  • Көлденең ұңғымаларды

Жер қойнауындағы қорларды өндіру ісі жыл өткен сайын қиындай беретіндіктен бұрғылау технологиялары үнемі жетілдіруді қажет етеді. Заманауи әдістер мен технологияларды қолданатын «KazPetroDrilling» АҚ пайдалану және барлау ұңғымаларының құрылысын толық аяқтағанға дейін жүргізеді.

«Kazpetrodrilling» АҚ-да бұрғылау қондырғыларының үлкен паркі бар:

  • 31 бұрғылау қондырғысы
  • жүк көтергіштігі 80 тоннадан 600 тоннаға дейін
  • бұрғылау тереңдігі 200 метрден 7 000 метрге дейін

Өндірістік қуаттылықтары жылына 400 ұңғымаға дейін бұрғылауға мүмкіндік береді.

Холдинг компанияларының бұрғылау көлемі жылына 350-550 мың метрді құрайды.

Холдинг компанияларының бұрғылауда үлкен тәжірибесі бар:

  • тік ұңғымаларды;

  • көлбеу бағытталған ұңғымаларды;

  • көлденең ұңғымаларды.

Бұрғылау режимдерін жедел бақылау үшін Petroline жүйесі енгізілген.

Біздің табыстарымыздың мысалдары:

«ҚМГ-Бұрғылау СБК» ЖШС 2020 жылы «Ембімұнайгаз» АҚ үшін 9 көлденең ұңғыманы бұрғылады. Құрылымдары мен бұрғылау принциптері бір-біріне ұқсамаған бұл ұңғымалар бұрғылау станоктарын бөліп орналастыру, бұрғылау колоннасының төменгі бөлігін құрастыру (БКТҚ) және аяқтау жабдығын таңдау тәрізді мәселелерге мұқият қарауды талап етті. Олардың жалпы ұзындығы 11 717 метрді құрады.
Бұрғылау барысындағы қиындықтар кен орындарындағы геологиялық жағдайларға тікелей байланысты болды. Ұңғымалардағы тік тереңдіктің таяздығы және жақын орналасқан көршілес оқпандардың көп болуы далалық инженерлерден барынша мұқият бақылауды және көлбеу бағытталған бұрғылау жұмыстары бойынша мол тәжірибені талап етті. Осылардың ішіндегі ең қиындары деп тік тереңдігінің таяздығы 220 метрге (TVD), ал көлденең бөліктері 1000 (бір мың) метрге жеткен ұңғымаларды айтуға болады.
Аса қиындары ОБҚ Н-1 және Гран 78 ұңғымалары болды.
ОБҚ Н-1 ұңғымасы – осы заманғы мұнай-газ өндірісіндегі ерекше ұңғыма. Өйткені бұл аумақта тұтқырлығы жоғары борлы көмірсутектердің қоры мол. Аталмыш ұңғыманы бұрғылау жұмыстарының нәтижелі аяқталуы осындай тереңдіктегі кен орындарын игеру көрсеткіштерінің артатынына кепілдік береді. Себебі әлі игерілмеген қорлардың көлемі үлкен.
Гран 78 ұңғымасы – бұл ұңғыманың көлденең бөлігі тікелей тереңдігінен 2 (екі) есеге асып түсті. Мұндай ұңғымалар бұрғылаудың, оқпанды тазалаудың және аяқтаудың ең заманауи әдістері қолданылатын «Extended reach wells» түріне жатады.

Көлденең және көп оқпанды ұңғымаларды бұрғылау – кен орындарын игерудегі тиімді әдістердің бірі.
«ЖігерМұнайСервис» ЖШС-дегі көлбеу бағытталған бұрғылау цехы білікті инженерлерден құралған және бұрғылау кезіндегі тиімді навигация үшін толық сүйемелдеуге мүмкіндік беретін заманауи жабдықтармен жабдықталған:

«Жігермұнайсервис» ЖШС-дегі  көлбеу бағытталған бұрғылау цехы білікті инженерлерден тұрады және бұрғылау кезінде тиімді навигациялау үшін толық сүйемелдеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін заманауи жабдықпен жабдықталған:

  • көлбеу бағытталған ұңғымалардың (КБҰ), көлденең ұңғымалардың (КҰ) және бүйір оқпандардың (БО) профильдерін жобалау;

  • КБҰ, КҰ және БО оқпандары мен бұрғылау колоннасының механикалық және гидравликалық қасиеттерін есептеу және талдау;

  • көлбеу және көлденең ұңғымаларды бұрғылауды телеметриялық сүйемелдеу – MWD (Measurement While Drilling), LWD (Logging While Drilling)*. Телеметриялық партиялар APS-Technology компаниясының бұрғылау барысында гамма-каротаж параметрлерін өлшеуге арналған жабдықтар жиынтығымен жабдықталған. SureShot модульдік архитектурасы телеметриялық жабдықты тапсырыс берушінің талаптарына сай етіп бейімдеуге мүмкіндік береді;

  • шегендеу колоннасында «терезе» ою;

  • бүйірлік оқпандарды бұрғылау жұмыстарын жүргізу үшін шегендеу колоннасында терезе оюға арналған жабдықтың толық жиынтығын өндіру;

  • жабдыққа толық қызмет көрсету.

*MWD жүйелері бұрғылау барысында инклинометриялық және технологиялық параметрлерді өлшеу және ұңғыма оқпанының траекториясын түзету мақсатында гидравликалық арна арқылы жедел ақпарат алу үшін қолданылады. LWD жүйелері инклинометриялық және технологиялық параметрлерді өлшеумен қоса бұрғыланатын жыныстардың қасиеттерін өлшеуге арналған аппаратурамен толықтырылған. Нақты уақыт режимінде алынатын оқпан траекториясы және бұрғыланатын тау жыныстарының қасиеттері туралы ақпарат ұңғыма оқпанын коллекторларға және қанығу деңгейі әртүрлі аймақтарға дәлірек бағыттауға мүмкіндік береді.

Кернді іріктеу

Кернге арналған снарядпен бұрғылау барысында алынған керннің ақпараттық маңызы мол болса, геологиялық барлау жұмыстарының тиімділігі мен нәтижелері де жоғарырақ болады. Керн – тау жыныстарының қасиеттері туралы деректердің негізгі көзі және тасымалдаушысы. Өйткені оларды көзбен көріп, тікелей зерттеуге мүмкіндік береді. Соның арқасында белсенді аймақты сапалы іріктеу және тікелей ұңғымада жедел өңдеу арқылы жүргізілетін зерттеу нәтижелері мұнай мен газды іздестіру жұмыстарына қажетті ақпараттың 70-80%-ын қамтиды және жер қойнауы туралы базалық геологиялық мәліметтердің негізін құрайды.

Бұрғылау ерітінділері бойынша сервистік сүйемелдеу

Мұнай ұңғымаларын қазудың сапасы көбінесе бұрғылау ерітіндісінің қасиеттеріне байланысты болады.
Компания ғылыми-зерттеу орталықтарында әзірленген алуан түрлі өнімдерін ұсынады. Компанияның бұрғылау ерітінділері Қазақстанның әртүрлі аймақтарында жылдар бойы жүргізілген бұрғылау тәжірибесі негізінде әзірленген.
Компания ұсынатын өнімдердің әр алуандығы жұмыстың қауіпсіздігін және жоғары тиімділікті қамтамасыз ететін оңтайлы құрамды табуға мүмкіндік береді.
Бұрғылау ерітіндісін таңдау төмендегі факторларға байланысты жүзеге асырылады:

  • жұмыс аймағы;
  • жұмыс аймағындағы геологиялық жағдайлар;
  • ұңғыманың жоспарлы құралмасы мен траекториясы.

Мамандар рецептураларды әзірлеу және жүйелердің қажетті қасиеттерін таңдау, сондай-ақ ұңғыма қазу процесін инженерлік-техникалық тұрғыдан сауатты сүйемелдеу қызметін көрсетеді.

Цементтеу (тығындау) — ұңғыманы қазудың соңғы кезеңі. Ұңғыманы тиімді пайдалану және құралманың барынша ұзаққа шыдауы үшін оның сапалы болғаны маңызды. Бұдан бөлек, цементтеу әдісі мұнайлы, газды және сулы деңгейжиектердің араласып кетуіне жол бермейді, оларды сенімді түрде оқшаулап тұрады (жөндеу-оқшаулау жұмыстары).
«KazPetroDrilling» АҚ компанияларының тиісті бөлімшелері осы бағытта мынадай жұмыстарды жүзеге асырады:

  • шегендеу колонналары мен ұңғыма түпшегендерінің барлық түрлерін цементтеу;
  • пайдалану колонналары мен түпшегендерді цементтеу кезінде инженерлік-технологиялық сүйемелдеу;
  • цемент көпірлерін орнату;
  • ұңғымаларда жөндеу-оқшаулау жұмыстарын жүргізу кезінде оқшаулағыш қоспаларды айдау;
  • коррозиялық және коррозиялық емес технологиялық сұйықтықтарды айдау.

Біздің артықшылықтарымыз

  1. Біліктілігі жоғары инженерлердің көмегімен сүйемелдеу.
  2. «Шақырып істетуге» арналған заманауи цементтеу флоты және автономды жағдайда цементтеу жұмыстарын жүргізу. Цементтеу кезінде әлемдік өндірушілердің (Halliburton, National Oil Varco) жылжымалы цементтеу агрегаттары қолданылады.
  3. Тапсырыс берушінің талаптарына сәйкес жаңа технологияларды ескере отырып тығындау материалдарының рецептурасын таңдау. Тиімділігі жоғары тығындау қоспаларын қолдану цемент тасының физикалық-механикалық қасиеттерін жақсартып, цементтеудің негізгі міндеттерін шешеді. Олар – цемент тасының шегендеу колоннасымен және ұңғыма қабырғаларымен жанасу беріктігі, қабатты айыру сапасын арттыру, оның коллекторлық қасиеттерін сақтау, колонна артындағы қабатаралық құйылыстарға жол бермеу. Біз жетекші өндірушілердің (Halliburton; «Миррико» ЖШҚ; «ХимПром» ЖШҚ) химиялық қоспаларын қолданамыз.
  4. Сапалы зертхана қызметі. Зертхана Chandler, Fann, Ofite заманауи құралдарымен жабдықталған. Олар API стандарттарына сәйкес тығындау ерітінділерінің рецептураларын таңдау кезінде кешенді тестілеу жұмыстарын жүргізуге қолайлы. Зертхана мамандары әрбір кен орнына арналған техникалық жобаның талаптарына сай келетін тығындау ерітінділерінің рецептураларын бірлесіп таңдау үшін химиялық қоспаларды өндірушілердің зертханаларымен тығыз байланыста жұмыс істейді.
Scroll to Top
Scroll to Top