Мұнай кәсіпшілігі жабдығын жасау және жөндеу
Көрсетілетін қызметтер
«Жігермұнайсервис» (ZMS) ЖШС бұрғылау қашауларын шығарады
Бұрғылау құралы 4 және 5 координатты токарлық-фрезерлік өңдеу орталықтарында жасалады.
ZMS бұрғылау қашаулары Тапсырыс берушілер үшін өте пайдалы. Олар бұрғылау жұмыстарын жылдамырақ, тереңірек және тиімдірек жүргізуге, әрбір метрге жұмсалатын шығындарды азайтуға көмектеседі. Технология саласындағы аталмыш инновациялар ауқымды зерттеулерге, қызметтес топтардың сарапшылық пікіріне, бағдарламалық үлгілеуге және зертханалық сынақтарға негізделе отырып жасалған.
Бүгінгі таңда мынадай қашаулар шығарылды:
- өлшемі 123 мм-ден 444 мм-ге дейінгі;
- үш, төрт, бес, алты қалақты;
- жұмсақ, сәл қаттылау және орташа жыныстарды бұрғылауға арналған.
Технологияны жетілдіру бағытындағы ізденістер мұнымен ғана шектелмейді. Кәсіпорындағы инженерлер тобы қашауларды жетілдіру үшін үнемі жұмыс істейді. Қашаулар бұрғылау жағдайларына байланысты жеке тапсырыс бойынша жасалады.
Қашауды оңтайландыру циклы мыналарды қамтиды:
Болат корпусты PDC қашауларын жасау дегеніміз:
- Компьютерлік үлгілеу
- Жүктемені теңестіру
- Тозуға төзімділікті арттыру үшін вольфрамды карбидті жабын
- Жоғары сапалы синтетикалық алмас кескіштер
Біздің табыстарымыздың мысалдары
«Karachaganak Petroleum Operating» 2018 жылдан бастап 406,4 мм секциясында «ЖігерМұнайСервис» ЖШС компаниясы шығарған PDC қашауларын қолданады.
Тапсырыс берушінің хатынан үзінді:
«ҚПО ұңғымаларды пайдалану командасын «ЖІГЕРМҰНАЙСЕРВИС» компаниясының PDC қашауымен бұрғылау жылдамдығының далалық рекордына қол жеткізуімен құттықтаймыз («Қарашығанақ» кен орны, № 9865 ұңғыма, «SaiPar 249» бұрғылау қондырғысы, зауыттық № 0188), 1797 метрлік бүкіл алаң 41 сағатта бұрғыланды»
Бұрғылау, шегендеу құбырларын, сорғы қарнақтарын, превенторларды, БКТҚ элементтерін жөндеу — Трубремцентр ЖШС, Жігермұнайсервис ЖШС, КаскорМашЗавод АҚ
СКҚ жөндеудің технологиялық процесі мына операцияларды қамтиды:
- Пайдалану шөгінділерінен тазалау (СКҚ тазалауға арналған жуғыш және термодинамикалық қондырғы);
- СКҚ муфталарын бұрап шығару;
- СКҚ шаблондау;
- СКҚ ішкі бетін механикалық тазалау;
- Дефектоскопия (1-ші және 2-ші класқа жатқыза отырып, бойлық және көлденең ақауларды, қабырға қалыңдығын анықтау); беріктік тобын анықтау;
- СКҚ бұрандаларын Ø 60, Ø 73, Ø 89, Ø 114 мм етіп қайта кесу;
- Қалпына келтірілген немесе жаңа СКҚ муфталарын бұрап бекіту;
- СКҚ гидравликалық сынау;
- Ұзындықты өлшеу, соққылы-нүктелі таңбалау, бұрандалардың сақтандыру элементтерін орнату, СКҚ сапа паспортын бере отырып қаптамаға орау;
- Жөндеудің барлық кезеңдерінде ТББ мамандарының сапаны бақылауы.
Мұнай кәсіпшілігі жабдығын жасау және жалдау
Көрсетілетін қызметтердің тізбесі:
- Инженерлік сүйемелдеу
- «NOV Downhole» және «Радиус-Сервис» шығарған, типтік өлшемі 95 мм-ден 210 мм-ге дейінгі бұрандалы кенжар қозғалтқыштарын жалдау
- «NOV Downhole» және «Cougar Drilling Solutions» шығарған, диаметрі 4-3/4”, 6-1/2”, 8” гидромеханикалық бұрғылау ясыларын жалдау
- «DSI» шығарған 4 ¾”, 6 3/4”, 8 1/4”, 9 ½” циркуляциялық клапандары
- 5 ½”-нен 25 3/4”-ге дейінгі, сондай-ақ стандартты емес өлшемдердегі (тапсырыс бойынша) қашау үсті және колонналық тұрақтандырғыштарды шығару
- Аунақшалы кеңейткіштерді шығару
- Бүйірлік фрезаларды шығару
Ұңғыма жабдықтарының сервистік орталығы:
- Бұрғылау жабдығына қызмет көрсету мен жөндеудің толық циклы
- Жоғары білікті техникалық мамандар шетелдік жабдық жеткізушілерінің оқу курстарынан толық өтіп, тиісті сертификаттарды алған.
Аккредиттелген бұзбайтын бақылау зертханасы
- Ультрадыбыстық бақылау;
- Енетін заттармен бақылау;
- Бұранда мен денені көзбен шолып бақылау;
- Құйынды токты бақылау;
- Электромагниттік бақылау;
- Қаттылықты өлшеу.
- Магнитті ұнтақты бақылау;