«KazTechMunaiService» ЖШС

Компанияның тарихы

  • «ҚазТехМұнайСервис» ЖШС-нің ұңғымаларды күрделі жөндеу саласында мол тәжірибесі бар. Бастапқыда «ЕмбіМұнай» ӨБ жанында 1987 жылға дейін жұмыс істеген «Құлсары кеңсесінің» бөлімшесі ретінде құрылған компанияның тарихы 1953 жылдан бастау алады.
  • 1987 жылдан 1994 жылға дейін «ЖайықМұнайГаз» МГӨБ, «ЖылойМұнайГаз» МГӨБ, «ДоссорМұнайГаз» МГӨБ, «ЕмбіМұнай» ӨБ жанындағы «ҚайнарМұнайГаз» МГӨБ құрамында болды.
  • 1994 жылы «ЕмбіМұнайГаз» АҚ жанындағы «Атырау жер қабаттарының мұнай беруі және ұңғымаларды күрделі жөндеу басқармасы» болып қайта құрылды.
  • 2007 жылы бұл бөлімше жеке ҰКЖ басқармасы ретінде «ҚазМұнайГаз-Бұрғылау» СБК» ЖШС құрамына кірді.
  • 2016 жылы «ҚазМұнайГаз-Бұрғылау» СБК» ЖШС-нен ҰКЖ сегментін бөлу арқылы «ҚазТатМұнайСервис» БК компаниясы құрылды.
  • 2017 жылы «ҚазТатМұнайСервис» БК «ҚазТехМұнайСервис» ЖШС болып қайта құрылды.



Компания құндылықтары

Қауіпсіздік

Біздің өндірістік алаңдарымыз – қауіптілігі жоғары нысандар. Туған-туыстарымыз бен жақындарымызға басымыз аман, деніміз сау күйінде оралу үшін біз ҚТжЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ саласындағы корпоративтік және өнеркәсіптік ережелерді қатаң сақтауымыз қажет.

Сапа

Біз клиенттердің үміттерін болжау және қанағаттандыру үшін оларды жете түсінуге тырысамыз. Біздің барлық әрекеттеріміз үнемі өзгертіліп және жетілдіріліп отыратын өнеркәсіптік ережелер мен рәсімдерге негізделген.

Командалық жұмыс

Біз командалық мақсаттарға қол жеткізу жолында жұмыла әрекет етеміз және ауызбіршілікті бағалаймыз. Команданың әрбір мүшесі маңызды және жеке мүдделеріне қарамастан әрқашан дербес қолдау алады.

Инновациялар

Біз өз саламызда бір қадам алда болу үшін үнемі дамимыз, технологиялар мен процестерді жетілдіріп отырамыз. Біз әрқашан жаңа идеялар мен мүмкіндіктерге ашық болуымыз керек және кешегіге қарағанда бүгін жақсырақ жұмыс істеуге тиіспіз.

Өндірістік қуаттылықтар

  • 25 ҰАжКЖ (ұңғымаларды ағымдағы және күрделі жөндеу) бригадасы
  • Жүк көтергіштігі 30 т-дан 130 т-ға дейінгі көтергіш агрегаттардың 30 бірлігі
  • Бұрғылау станоктарының 6 бірлігі
  • Шассидегі жылжымалы сорғы блоктары
  • Тұрақты және жылжымалы вахта қалашықтары
  • Жөндеу шеберханалары, соның ішінде далалық шеберханалар
  • Техникалық қызмет көрсетуді басқарудың компьютерлендірілген жүйесін (CMMS) қолдау
  • Отын шығынын бақылау (Pulsar)
  • Өндірістік есептіліктің мамандандырылған бағдарламалық жасақтамасы (WellReport)

*қолда бар өндірістік қуаттар шамамен алғанда жылына 400 ұңғымаға ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді

бурение
гидроразрывы

Құрал-жабдықтар




ҰАжКЖ бригадалары мыналармен қамтамасыз етілген:

  • Мұнай бұрқағына қарсы қолданылатын құрал-жабдықтар жиынтығы
  • Гидравликалық кілттер
  • Жұмыс алаңдары мен ротор алаңдары
  • Спайдерлер
  • Гидравликалық қабылдау көпірлері
  • Технологиялық сыйымдылықтар (5м³-45м³)

Негізгі жабдықтардың бірі

АПР-80 агрегаты апаттарды жою шараларын қоса алғанда, мұнай және газ ұңғымаларын жөндеу мен игеруге арналған (ҰЖЖ, ҰКЖ және ТҚ). РКР-63221-4320 монтаждау базасының (шассиінің) түп үлгісі уақыт сынынан өткен Краз-63221 болып табылады.

Адами ресурстар

ҚТМС-те оқытуды басқару жүйесі (LMS) енгізілген. Ол бізге ішкі талдау жүргізіп, СМЖ рәсімдері мен нұсқауларына, сондай-ақ корпоративтік және кәсіптік оқытудың басқа да түрлеріне оқытуға көмектеседі.

Біз міндетті өндірістік оқытудан басқа далалық инженерлер мен технологтар үшін ұңғымаларды бақылау тренингтерін (IWCF) өткіземіз.

Апаттық шеберлер мен ҰКЖ шеберлерінің біліктілігін арттыру және кәсіптік дамыту тәжірибесі енгізілген.

Сертификаттау

Таяудағы мақсаттар:

  • АПР-80 қондырғылары API стандарттарына сәйкес болуы үшін Vysus Group Kazakhstan сертификаттау аудитін жүргізу;
  • Сапа менеджментінің жүйесі ISO 29001:2020 өнеркәсіптік стандартына сәйкес болуы үшін Bureau Veritas Kazakhstan сертификаттау аудитін жүргізу.


Біздің клиенттеріміз

Бәсекелік артықшылықтар

  • Тапсырыс берушінің талабы бірінші орында
  • операциялық тиімділікке қол жеткізу
  • адами ресурстарға инвестициялау
  • әлеуметтік жауапкершілік
  • ҰАжКЖ бригадаларының жабдықталуы
  • ұңғымалардағы апаттар мен асқынуларды жоюдың үлкен тәжірибесі

Басшылық

Қонақбаев Қанат Ермекұлы

«Қазтехмұнайсервис» ЖШС Бас директоры

Байланыс деректері

«Қазтехмұнайсервис» ЖШС

Мекенжайы: Атырау қаласы, Атамбаев көшесі, 60

Телефоны: 8 (7122) 766-086

E-mail: info@ktms.kz

Scroll to Top
Scroll to Top