Машина жасау
- Бұрғылау қондырғылары
- Мұнайды қыздыруға арналған автоматты пештер
- Су ысыту қондырғылары
- Жартылай тіркемелер, ықшамды резервуарлар
- Ыдыстар және орап байлау құралдары
- Металл құрылмалардың барлық түрлері
Услуги
Бұл қызметті «КаскорМашзавод» АҚ (Ақтау) және «Жігермұнайсервис» ЖШС (Атырау) компаниялары ұсынады.
«КаскорМашзавод» АҚ
«КаскорМашзавод» АҚ-ның негізі 1990 жылы қаланған. Зауыттың ең алғаш жасап шығарған жабдығы – ПП-0,63 жылжымалы мұнай қыздырғышы.
Алғашқы жылжымалы қыздырғыштарды жасағаннан кейін зауыт өз қызметін тоқтатпай, пештер, сағалық қыздырғыштар, жер үсті және жер астына арналған сыйымдылықтар тәрізді жабдықтарды шығара бастады.
Зауыт өзінің жеке сағалық қыздырғышын (УН үлгісі) шығарады. Оның авторы әрі патент иесі – зауыттың техникалық директоры Жұмәлі Жазымбайұлы Ерғалиев. Әлі күнге дейін шығарылатын аталмыш өнім мұнай-газ саласындағы компаниялар арасында үлкен сұранысқа ие.
ЖігерМұнайСервис ЖШС
«Жігермұнайсервис» ЖШС 2017 жылы роботтандырылған кешенді іске қосу арқылы өндірісті кеңейтті әрі түрлендірді.
Металл құрылмаларды шығаратын цех өндірістің толық циклына арналған жабдықтармен, яғни металл кесуге, ұсталық етуге, жүк көтеруге, дәнекерлеуге арналған роботтехникалық кешендермен және металдан жасалатын конструкцияларды дайындауға, өңдеуге, кесуге, бояуға арналған заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.
Аталған зауыттар кез келген көлемдегі бұйымдарды, соның ішінде тапсырыс берушінің эскиздері бойынша стандартты емес жабдықтарды да шығарады. Металл прокатының ресейлік және халықаралық жеткізушілерімен жұмыс істейді. Бұл
тапсырыс берушінің талаптары бойынша өндірісті кез келген қажетті шикізатпен уақтылы қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Екі кәсіпорын да халықаралық сапа стандарттары бойынша сертификатталған, соның ішінде ASME стандарты бойынша сертификаттаудан сәтті өткен.
Шығарылатын өнімдердің мысалдары
- Бұрғылау қондырғыларын өндіру/түрлендіру (қуаты 750 а.к.-нен 2 500 а.к.-не дейін жететін, тұғыры жиналмалы стационарлық қондырғылар; жетегінің қуаты 1 000 а.к.-нен 3 000 а.к.-не дейін жететін қораптық үлгідегі стационарлық қондырғылар; қуаты 300 а.к.-нен 750 а.к.-не дейін жететін жылжымалы қондырғылар; салмағы 15 т-дан 1 000 т-ға дейінгі діңгектер; салмағы 1 000 т-ға дейінгі мұнара тұғырлары)
- Бұрғылау қондырғыларының циркуляциялық жүйелерін өндіру
- Мұнай қыздырғыштар мен басқа да жабдықтарды өндіру
- Механикалық салқындату блогы бар газ дайындауға арналған модульдік қондырғылар
- Дербес компрессорлық қондырғылар
- Сақтауға арналған резервуарлар
- Құбыр тораптары
- Болат құрылмалар
- Жоғары және төмен қысымды ыдыстар
- Жер үстіне, жер астына арналған және жылжымалы сыйымдылықтар
- Автоматтандырылған газ пештері
- Тарақша блоктары
- Су тарату пункттері
- Мұнай есептеу тораптары
- Газ дайындайтын технологиялық жабдықтар
Ұңғымалардың күрделі жөндеулерін жүргізуге арналған жылжымалы механикаландырылған гидравликалық қабылдау көпірі (МемСТ 28307‐2013, КО ТР 031/2012)
1500 HP RIG бұрғылау қондырғысы
Су жылытқыш қондырғылар
Газ тәрізді және сұйық материалдарды сақтауға арналған, жоғары қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар. Жоғары қысымға арналған құбырлар (ASME)
Жылжымалы техникалық сыйымдылықтар МемСТ 28307‐2013, КО ТР 031/2012; МемСТ 3163‐76, КО ТР 018/2011
Мұнай өнімдеріне арналған резервуарлар (МемСТ 17032‐2010)
Әр түрлі құрастырмалы конструкциялар, алаңдар