Мансап
Кадр саясаты
«KazPetroDrilling» АҚ персоналды басқару жүйесі компанияның алдында тұрған өндірістік және коммерциялық міндеттерді орындай отырып, ортақ табысқа мүдделі екендігін білдіретін және соған жету үшін барын салатын, өзінің ісін өте жақсы меңгерген біліктілігі жоғары мамандар командасын қалыптастыруды көздейді және корпоративтік стратегия мен бәсекеге қабілеттілік негізінде құрылады.
Персоналды басқару жүйесі шеңберінде атқарылатын жұмыстар:
- еңбек тәртібі мен еңбек жағдайларының сақталуын бақылау;
- жеке және ұжымдық жетістіктер үшін көтермелеу;
- еңбекақы төлеудің бәсекелі жағдайларын жасау;
- корпоративтік іс-шараларды өткізу;
- әлеуметтік саясатты жүзеге асыру;
- еңбек заңнамасының сақталуын бақылау;
- персоналды бағалау, оқытып-үйрету және дамыту.
Бос лауазымдарға үміткерлерді іріктеу көп сатылы конкурстық іріктеу және лауазымға қойылатын талаптарға сәйкестікті мұқият тексеру негізінде жүзеге асырылады.
Кадрлық әлеуетті одан әрі дамытуға көп көңіл бөлінеді. Персоналды дамыту мен оқытып-үйретуге жыл сайын қаражат бөлінеді