Инвесторларға

Корпоративтік құжаттар

Корпоративтік басқару құрылымы

Тиімді корпоративтік басқару үлгісінің негізгі элементтері:

  • Меншіктің ашық құрылымы;
  • Акционерлердің құқықтарын қамтамасыз ету;
  • Тиімді және тәуелсіз ДК;
  • КБ айқын саясаты мен рәсімі;
  • Ақпараттың ашықтығы және оны ашу қағидаттары;
  • Этикалық құндылықтар, корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік;
  • Тәуелсіз және тиімді сыртқы аудит;
  • Ішкі аудиттің тәуелсіз және объективті функциясы;
  • Тәуекелдерді тиімді басқару;
  • Сенімді ішкі бақылау жүйесі.

К 1 – Директорлар кеңесінің аудит жөніндегі комитеті
К 2 – Директорлар кеңесінің стратегиялық жоспарлау жөніндегі комитеті
К 3 – Директорлар кеңесінің кадр, сыйақы, әлеуметтік мәселелер, ішкі жанжалдар және этика жөніндегі комитеті
КХ – корпоративтік хатшы

Компанияның негізгі құрылтай құжаты – 2014 жылғы 20 қарашада «KazPetroDrilling» АҚ қатысушылары бас қосқан жалпы жиналыстың шешімімен бекітілген жарғы.

2017 жылғы 13 сәуірде Компания Жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.

Корпоративтік басқару кодексі – Компанияның операциялық және қаржылық қызметін тиімді басқаруға, акционерлер мен лауазымды тұлғалардың өзара қарым-қатынасын жақсарту үшін қолайлы орта қалыптастыруға және инвесторларды тартуға бағытталған маңызды құжаттардың бірі.

Компанияның корпоративтік басқарудағы негіз қалаушы қағидаттары мыналар болып табылады:

  1. Акционерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау қағидаты;
  2. Директорлар кеңесі мен Басқарманың Қоғамды тиімді басқару қағидаты;
  3. Қоғамның қызметі туралы ақпаратты ұғымды әрі нақты ашып көрсету қағидаттары;
  4. Заңдылық және этика қағидаттары;
  5. Тиімді дивидендтік саясат қағидаты;
  6. Тиімді кадрлық және әлеуметтік саясат қағидаты;
  7. Еңбекті және қоршаған ортаны қорғаудың басымдығы қағидаты;
  8. Корпоративтік келіспеушіліктер мен мүдделер қайшылығын реттеу саясаты;
  9. Жауапкершілік қағидаты;
Scroll to Top
Scroll to Top