ParkerPetroDrilling жаңа кәсіпорны құрылды

Атырау қаласында MHINDUSTRY Бас директоры Рахимов Эдуард Сағынжанұлы мен PARKER DRILLING KAZAKHSTAN BV Менеджері Стив Грейнджер біріккен кәсіпорын құру жөніндегі келісімге қол қойды. Жаңа сервистік мекеменің атауы – ParkerPetroDrilling болмақ. Шараға қос мекеменің басшыларынан бөлек елдегі мұнай сервисі компанияларының өкілдері қатысты. Шара ұйымдастырушыларының айтуынша, жаңа кәсіпорын қазақстандық мамандардың кәсіби деңгейін арттырады әрі саланың технологиялық тұрғыдан дамуына тың серпін береді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының батысындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайдың жақсаруына да оңды ықпалын тигізбек.

Scroll to Top