Іс-шараның платиналық демеушілері және бас серіктестері «ҚазМұнайГаз» АҚ ұлттық компаниясы және KazPetroDrilling АҚ қолдауымен 2019 жылдың 12 қыркүйегінде Нұр Сұлтан қаласында 5-ші «KDR — Ұңғыма инжинирингі» форумы өтті.
KDR форумы аралас форматта өтті, практикалық мысалдарды талдауға арналған конференция презентациялары дөңгелек үстел талқылаулары мен барлық делегаттар қатыса алатын «сұрақ-жауап» режиміндегі басқосулармен үйлестірілді. Оған қоса, мұнай мен газды барлау саласындағы жаңалықтарды ұсынғысы келетіндер үшін көрме стенділері әзірленді. Бұрғылау технологиясынан бастап мұнай өндірісі көлемін ұлғайтуға дейінгі тақырыптар қозғалды. Бұрғылау қондырғыларында қолданылатын жабдықтар, бұрғылау құбырлары, электрмен жабдықтау және басқару жүйелері кеңінен талқыланды.
KDR — бұл операторларға, бұрғылау мердігерлеріне, сервистік компанияларға және жабдықтаушыларға өнеркәсіптік кәсіпорындардың дамуы мен саладағы қиындықтарын жақсы түсінуге мүмкіндік беретін білім мен тәжірибе алмасуға тамаша мүмкіндік.
Бұл форум ірі операторлардың, сервистік компаниялардың, бұрғылау мердігерлері мен жабдықтарды жеткізушілердің жоғары атқарушы және техникалық менеджерлері үшін жыл сайынғы күн тәртібіндегі міндетті шараға айналуда.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, KazPetroDrilling АҚ президенті Асхат Дүйсалиев Холдингтің қызметі және мұнай-газ ұңғымаларын бұрғылау нарығы туралы таныстырылым жасады.
Сонымен қатар, Burgylau компаниясының өкілі Нұрлан Әлиев («Өзенмұнайгаз» кен орнында көлденең ұңғымаларды бұрғылау) және «Каскор-Машзавод» АҚ өкілі Жандос Ғазиз дөңгелек үстел отырыстарында өз баяндамаларымен форум қатысушыларын таныстырды.
Форум Қазақстанның мұнай-газ саласының болашақ дамуының бағдарын анықтауға көмектеседі және халықаралық компанияларға Қазақстанның мұнай-газ нарығының негізгі ойыншыларымен ұзақ мерзімді іскерлік қатынастар орнатуға мүмкіндік береді.
KDR ұйымдастырушылары жұмыстың қолайлы форматын таңдаған: олар Қазақстанның бүкіл мұнай-газ секторын қамтудың орнына, ұңғымаларды бұрғылау саласында жұмыс істейтін кәсіпорындардың нақты қажеттіліктері мен сұранысын ескере отырып бағдарлама жасайды.

