Меморандумға қол қою рәсімінде тараптар бизнес пен отандық ЖОО үшін мұндай жобалардың маңыздылығын атап өтті. «Бизнес пен өндіріс кәсіпорындары ғылымға жақын болуы тиіс. Біз өз тарапымыздан оқу орындарының материалды-техникалық базасын жақсарту ісіне ат салысамыз. Нәтижесінде осы мақсатқа жұмсаған шығындарымыз өндірістегі ақаулардыазайтып, қызмет сапасын өсіретін білікті мамандар даярлау арқылы ақталады», — деді Холдингіміздің президенті Асхат Дүйсалиев.