Атырауда заманауи бұрғылау технологиялары оқу орталығы ашылды

KazPetroDrilling, Қазақстан-Британ университеті және Baker Hughes арасындағы тығыз ынтымақтастық аясында Атырау қаласында  корпоративтік оқу орталығы (КОО) ашылды. Бүгін 4 наурызда оның ашылу салтанаты өтті. Орталықтың жұмысы корпоративтік оқу, міндетті курстар, техникалық тренингтер, бизнес-семинарлар, танысу практикаларын өткізуге бағытталған. КОО роторлық бұрғылау кезінде ұңғыманы IWCF стандартымен басқару бойынша курстар өткізуге арналған залдармен және екі оқу аудиториясымен қамтылған.

IWCF сертификатын алу бойынша семинарлар Drilling System компаниясының DrillSim-20 бұрғылау симуляторы мен DrillSim-5000 толық масштабды бұрғылау симуляторын қолдану арқылы өткізіледі. 2019-2020 жылдары Baker Hughes бағдарламасы бойынша 9 курс өткізу жоспарланған. Оқу курстарынан Холдингіміздің 125 қызметкерінің қатысуы көзделген.

Scroll to Top