Компания туралы

«KazPetroDrilling» АҚ 1965 жылдан бері мұнай сервистік қызметтерді ұсынатын Қазақстан Республикасындағы ірі тәуелсіз бұрғылау компаниясы болып табылады.
 
«KazPetroDrilling» АҚ ұңғымаларды бұрғылау, жөндеу және жою, қабаттың гидравликалық үзігін және ұңғымаларды цементтеу саласындағы қызметтердің ауқымды өрісін ұсынуда мамандануда.
 
«KazPetroDrilling» АҚ тарихы
 
2010 жылғы 20 қыркүйекте жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға ретінде тіркелген.
 
2012 жылғы 6 сәуірде Компания ұйымдастыру-құқықтық нысанын акционерлік қоғам етіп ауыстырды.
 
Компанияның акционерлік қоғам болып қайта құрылуына байланысты Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитеті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Алматы қаласы Әділет департаменті Алмалы аудандық Әділет басқармасы 2012 жылғы 20 сәуірде нөмірі 351-1910-02-АҚ етіп тіркеген Компанияның жарияланған акцияларын шығаруды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырды.
 
Компания қызметінің негізгі мәні мыналар болып табылады:
  • мұнай операцияларын жүргізу кезінде сервистік қызметтерді жүзеге асыру;
  • және оның еншілес ұйымдарының операциялық, қаржы және инвестициялық қызметін бақылау.
 
Бүгінгі «KazPetroDrilling» АҚ 
 
  • Мұнай мен газды барлау және өндірумен айналысатын ірі қазақстандық компаниялармен ұзақ мерзімді ынтымақтастықта болу;
  • Орташа табыс жылына 450 миллион АҚШ долларына жететін ҚазМұнайГаз және Маерск Ойл Қазақстан ГмбХ үшін ұңғымаларды бұрғылау және күрделі жөндеу бойынша қызметтерді ұсыну;
  • Ембі, Өзен және Доңға кен орындарында мұнай сервистік қызметтер көрсету, бұл 2012 жылғы Қазақстандағы бұрғылаудың жалпы көлемінен 20%-ды құрайды;
  • Бұрғылау мердігерлерінің Халықаралық қауымдастығының (IADC) мүшесі;
  • Делойт ҚЕХС стандарттарына сәйкес соңғы 5 жылдың ішінде Компанияның аудитін жүзеге асыратын компания болып табылады.

Стратегиялық нысандар 

  • 2013 жылы 2 бұрғылау қондырғысын (VR-500 and SL-2500) сатып алу
  • Ірі клиенттермен ұзақ мерзімді ынтымақтастықта болу
  • Шельфте бұрғылауды жүзеге асыру шеңберінде Қазақстанның нарығына шығу
  • Еңістік-бағытты ұңғымаларды бұрғылауды және тұзды шөгінділерде бұрғылауды жүзеге асыру бойынша нарыққа шығу
  • Корпоративтік басқаруды реформалау жөніндегі стратегияларды ұсыну

 

Негізгі клиенттер