Кадр саясаты

«KazPetroDrilling» АҚ-ның персоналды басқару жүйесі жоғары білікті мамандардың, жалпы табысқа қызығушылық танытатын, және компанияның алдында тұрған және корпоративті стратегия мен бәсекеге қабілеттіліктің негізінде құрылған өндірістік және коммерциялық міндеттерді орындау жолымен табысқа қол жеткізу үшін бәрін жасайтын өз ісінің кәсіби мамандарының тобын қалыптастыруға бағытталған.
 
Персоналды басқару жүйесінің шеңберінде мыналар жүргізіледі:
  • еңбек режимінің және шарттарының сақталуын бақылау;
  • жеке және ұжымдық жетістіктер үшін марапаттау;
  • еңбекақы төлеудің бәсекелесті жағдайларын құру;
  • корпоративтік іс-шараларды өткізу;
  • әлеуметтік саясатты жүзеге асыру;
  • еңбек заңнамасының сақталуын бақылау;
  • персоналды бағалау, оқыту және дамыту.
 
Бос лауазымдарға кандидаттарды іріктеу көп сатылы конкурстық іріктеудің және ұсынылған позицияға қойылатын талаптарға сәйкес келуді мұқият тексерудің негізінде жүзеге асырылады.
 

Кадрлық әлеуетті бұдан әрі дамытуға үлкен назар аударылады. Жыл сайын персоналды дамытуға және оқытуға қаражат бөлінеді.